Author: Админ

Құрметті азаматтар!

2020 ЖЫЛДЫҢ 19 НАУРЫЗЫНАН БАСТАП АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛАДЫ Құрметті азаматтар! «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК COVID-19 пандемиясының таралу қаупін азайту бойынша алдын алу шараларының шеңберінде 2020 жылдың 19 наурызынан бастап азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтататыны жайында хабарлайды. Азаматтарды қабылдаудың жаңа кестесі туралы қосымша хабарланатын болады.


19.03.2020 0

Біз тест режимінде интернет-провайдердің жылдамдығын тексеру сервисін іске қостық. Егер сізде сұрақтар/проблемалар туындаса, бізге хабарлауды сұраймыз.


17.03.2020 0

Жоспардан тыс техникалық жұмыс

Жоспардан тыс техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты Абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры уақытша қол жетімсіз болады


24.10.2019 0

Наурыз мейрамы — 2019

20 сәуір күні «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК қызметкерлері Қазақстанның Ұлттық ғарыш орталығында көктемнің басты мерекесі – Наурыз мейрамын атап өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырып, оған ҚР ЦДИАӨМ барлық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері қатысты. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев әріптестері мен барлық қатысушыларды Наурыз…
Read more


19.04.2019 0

Өзбекстан Республикасының Байланыс әкімшілігімен кездесу

2019 жылғы 12 – 15 наурыз аралығында Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) жердегі қызметтердің станцияларын халықаралық үйлестіру мәселелері бойынша Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшіліктерінің сарапшылар тобының кездесуі өтті. Қазақстан Республикасы Байланыс әкімшілігінің атынан жұмыс тобына «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК өкілдері қатысты, Өзбекстан Республикасының Байланыс әкімшілігі атынан Мининфоком қызметкерлері (Радиожиілік бойынша республикалық кеңестің жұмыс органы),…
Read more


23.03.2019 0

Женева қаласында Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігі мен «Overhorizon PLC» жерсеріктік операторының (Швеция) арасында жерсеріктік желілердің жиілік иеліктерін үйлестіру бойынша келіссөздер жүргізілді.

2019 жылдың 18-20 ақпаны аралығында Женева қаласында (Швейцария)Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігі мен «Overhorizon PLC» (Швеция)жерсеріктік операторының өкілдері арасында жерсеріктік желілердің жиілік иеліктерін үйлестіру мәселесі бойынша алғашқы кездесу өтті.      Аталған кездесудің мақсаты Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігі атынан техникалық сарапшылар ретінде  жерсеріктік желілері  1,5° кем Қазақстандық орбиталық позицияларға жақын мәлімделген Overhorizon жерсеріктік операторының өкілдерімен Халықаралық электр…
Read more


28.02.2019 0

«МРҚ» РМК мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдері қазақстандық алғашқы «Al-Farabi-2» наножерсерігі бойынша бірлескен жұмыстарды қорытындылады

11 – 12 желтоқсанда Алматы қаласында «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің өкілдері арасында жұмыс кездесуі өтті. 4 желтоқсан күні Ванденберг (АҚШ, Калифорния штаты) әскери-әуе базасының ғарыш айлағында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында жинақталған алғашқы қазақстандық «Al-Farabi-2» наножерсерігі ұшырылған болатын.    Аталған жерсерік ғылыми зерттеулер үшін, сондай-ақ технологиялық және оқу тапсырмаларын шешу…
Read more


24.12.2018 0

ҚР БӘ мен АҚШ БӘ өкілдерінің арасында жерсеріктік желілерді үйлестіру кездесуі

Астана қаласында Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігі мен «ABS Global Ltd.» (АҚШ) жерсеріктік операторының жерсеріктік желілерінің жиілік иеліктерін үйлестіру бойынша келіссөздер жүргізілді. 2018 жылдың 19 – 21 қарашасында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігі мен «ABS Global Ltd.» (АҚШ) жерсеріктік операторының өкілдері арасында екінші кездесу ұйымдастырылды.    Бұл кездесудің мақсаты Халықаралық электр байланысы одағына мәлімделген қолданыстағы…
Read more


26.11.2018 0

ҚР БӘ мен БАӘ БӘ өкілдері арасында өткен жерсеріктік желілерді үйлестіру кездесуі

Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері Байланыс әкімшіліктерінің өкілдері орбиталық-жиілік ресурсын үйлестіру бойынша кездесу өткізді.  2018 жылдың 29 – 31 қазаны аралығында Дубай қаласында Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Байланыс әкімшіліктерінің геостационарлық және геостационарлық емес жерсеріктік желілерін үйлестіру бойынша 3-ші кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты Қазақстан Республикасы мен БАӘ Байланыс әкімшіліктерінің атынан Халықаралық электр…
Read more


19.11.2018 0