Өзбекстан Республикасының Байланыс әкімшілігімен кездесу
2019 жылғы 12 – 15 наурыз аралығында Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) жердегі қызметтердің станцияларын халықаралық үйлестіру мәселелері бойынша Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшіліктерінің сарапшылар тобының кездесуі өтті. Қазақстан Республикасы Байланыс әкімшілігінің атынан жұмыс тобына «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК өкілдері қатысты, Өзбекстан Республикасының Байланыс әкімшілігі атынан Мининфоком қызметкерлері (Радиожиілік бойынша республикалық кеңестің жұмыс органы), «ЦЭМС» ГУП және «UNICON.UZ» ГУП қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының шекаралас аудандарында жиілік иеліктерін үйлестіруге қатысты біршама мәселелерді талқылады.
Аталған кездесуде қаралған негізгі мәселелердің бірі Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының азаматтық бағыттағы радиоқызметтері пайдаланатын 30-1000 МГц радиожиіліктер белдеуінде радиожиілік иеліктерін үйлестірудің техникалық негіздері жөніндегі келісім жобасын талқылау, сондай-ақ теле-, радиохабар тарату қызметтерін үйлестіру мәселелері болды.
Кездесудің қорытындысы бойынша сарапшылар тобының қатысушылары Келіссөздер хаттамасына қол қойды, сондай-ақ жердегі қызметтердің техникалық сарапшыларының деңгейінде үйлестіру кездесулерін тұрақты түрде өткізіп отыруға келісті.