Женева қаласында Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігі мен «Overhorizon PLC» жерсеріктік операторының (Швеция) арасында жерсеріктік желілердің жиілік иеліктерін үйлестіру бойынша келіссөздер жүргізілді.
2019 жылдың 18-20 ақпаны аралығында Женева қаласында (Швейцария)Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігі мен «Overhorizon PLC» (Швеция)жерсеріктік операторының өкілдері арасында жерсеріктік желілердің жиілік иеліктерін үйлестіру мәселесі бойынша алғашқы кездесу өтті.
Аталған кездесудің мақсаты Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігі атынан техникалық сарапшылар ретінде жерсеріктік желілері 1,5° кем Қазақстандық орбиталық позицияларға жақын мәлімделген Overhorizon жерсеріктік операторының өкілдерімен Халықаралық электр байланысы одағына мәлімделген жерсеріктік желілерді үйлестіру бойынша келіссөздерге қатысу болып табылды.
Қазақстан Республикасы Байланыс әкімшілігінің атынан барған делегация құрамында «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК өкілдері де қатысты. Шведтік Overhorizon жерсеріктік операторының делегация құрамынан спектр жөніндегі менеджер және спектр мен бөгеуілдер жөніндегі инженер қатысты.
Халықаралық электр байланысы одағына мәлімделген Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігі («KAZSAT» сериялы) мен Overhorizon жерсеріктік операторының жерсеріктік желілері 1,2° айырымында орналасқан және орбиталық-жиілік ресурсын бірігіп пайдалану мәселесін келісуді қажет етеді.
Келіссөздер барысында Overhorizon жерсеріктік операторының делегациясы 2021 жылы өздерінің алғашқы Ovzon-3 жерсерігін іске қосатыны жайлы ақпаратты растады. Бұдан басқа екі тарап орбиталық-жиілік ресурсын бірігіп пайдаланудың техникалық талаптарын талқылап, қолданыстағы және жоспардағы жерсеріктік желілер бойынша ақпарат алмасты.
Осы кездесудің қорытындысы бойынша тараптар жерсеріктік байланыс саласында өзара ынтымақтастықта болуға ниет білдіріп, тиісті Келіссөздер хаттамасына қол қойды.