Радиожиілік спектрін жоспарлау қызметі келесі жұмыстарды жүзеге асырады:
1) Радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті органның жиіліктерді, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) іріктеу бойынша жұмыстарды жүргізуін техникалық сүйемелдеу;
3) Радиоэлектрондық құралдар мен радиожиілік иеліктерінің тізілімін (дерекқорын) жүргізуді техникалық қамтамасыз ету.
Көрсетілетін қызметтер тізбесі:
1) Аналогты телекөрсетілімнің РЭҚ ЭМҮ есептеу;
2) Аналогты радиохабар таратылымының РЭҚ ЭМҮ есетеу;
3) Радиорелелік жүйелерге арналған РЭҚ ЭМҮ есептеу;
4) Жерсеріктік байланыстың жер станцияларының РЭҚ ЭМҮ есептеу;
5) Ұялы байланыстың базалық станцияларының РЭҚ ЭМҮ есептеу;
6) Құрлықтағы жылжымалы байланыс жүйесінің базалық станцияларының (ретрансляторларының) жиілік иеліктерінің ЭМҮ есептеу;
7) Сымсыз кең жолақты қолжетімділік жүйелерінің (желілерінің) базалық станцияларының жиілік иеліктерінің ЭМҮ есептеу;
8) Цифрлық телекөрсетілім станцияларының жиілік иеліктерінің РЭҚ ЭМҮ есептеу.
НОРМАТИВТІК БАЗА
- «Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығы.
- «Қазақстан Республикасы радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 22 бұйрығы.