Байланыс және телерадиохабар тарату сапасын техникалық бақылау қызметі уәкілетті орган халықтың теле-радиоарналарды қабылдау сапасын бақылауды қоса алғанда, байланыс қызметінің сапасын бақылау кезінде жұмыстардың орындалуын техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Негізгі функциялары:
Қазақстан Республикасының аумағында ұялы байланыс операторлары ұсынатын ұялы байланыс қызметінің сапасын бақылауды техникалық қамтамасыз ету саласында Қызмет келесі жұмыстарды жүзеге асырады:
- Дыбыстық сервис сапасының көрсеткіштерін өлшеу және бағалау;
- Деректерді беру сервисі сапасының көрсеткіштерін өлшеу және бағалау;
- Радиоқамту сипаттамаларын өлшеу және бағалау.
Қазақстан Республикасының аумағында ұялы байланыс операторлары ұсынатын теле,-радиоарналарды халықтың қабылдау сапасын бақылауды техникалық қамтамасыз ету саласында Қызмет келесі жұмыстарды жүзеге асырады:
- Сәулелену параметрлерін өлшеу және эфирде ТХ таратудың РЭҚ жиілік мәндерін пайдалануға берілген рұқсаттарға сәйкестігін тексеру (далалық өлшеулер);
- Сәулелену параметрлерін өлшеу және эфирде ТХ таратудың РЭҚ жиілік мәндерін пайдалануға берілген рұқсаттарға сәйкестігін тексеру;
Қолданылатын жабдықтар мен бағдарламалық жасақтама:
- Tems Investigation;
- Tems Pocket;
- Tems Discovery;
- Rohde&Schwarz TSMW;
- Rohde&Schwarz Romes;
- Rohde&Schwarz ETL;
- HD Ranger Promax.
НОРМАТИВТІК БАЗА
- «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 заңы ;
- «Байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 327 бұйрығы;
- «Телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 71 бұйрығы.