Мекеме жайлы

«Мемлекеттік радиожиілік қызметі» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік радиожиілік қызметінің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 23 ақпандағы қаулысымен құрылды. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ведомствоға бағынысты ұйымы болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты байланыс саласындағы мемлекеттік монополияға жататын қызмет түрлерін жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорынның мемлекеттік монополиясы «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген:

  • Уәкілетті орган халықтың теле,- радиоарналарды қабылдау сапасын бақылауды қоса алғанда, байланыс қызметтерін көрсетудің сапасына бақылау жүргізген кезде жұмыстардың орындалуын, сондай-ақ радиожиілік спектрін мониторингілеу және Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды анықтау жұмыстарын техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету;
  • Радиоэлектрондық құралдардың және радиожиіліктерді иелікке берудің тізілімін (дерекқорын) жүргізуді техникалық қамтамасыз ету;
  • Радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының радиожиіліктерінің ресурстарын және орбиталық позицияларын халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық қолдап отыру;

Ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорын және абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды, олардың жұмыс істеуін, оларды қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз ету, оларға қолжетімділік беруді жүзеге асыру.

«Мемлекеттік радиожиілік қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты