Жердегі халықаралық үйлестіру қызметі Қазақстан Республикасының радиожиілік ресурстарын (жерүсті қызметтері) халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Негізгі міндеттері:
1) Жерүсті байланыс қызметтерінің жиілік иеліктерін үйлестіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігіне келіп түскен шетелдік РЭҚ электромагниттік үйлесімділігін есептеу;
2) Шетелдік байланыс әкімшіліктерімен үйлестіру рәсімін жүргізу және ХЭО Халықаралық анықтамалық жиілік тіркеліміне жазбалар енгізу үшін, Қазақстан Республикасының жерүсті қызметтерінің үйлестіру нысандарын қалыптастыру;
3) Шет елдердің ХЭО-Р Жиіліктер бойынша халықаралық ақпараттық циркулярында жарияланған жиілік иеліктерінің Қазақстан Республикасының жерүсті қызметтерінің жиілік иеліктеріне қатысты электромагниттік үйлесімділігіне сараптама жүргізу;
4) Жерүсті қызметтерінің жиілік иеліктерін үйлестіру бойынша шетелдік Байланыс әкімшіліктерімен өтетін үйлестіру кездесулеріне, сонымен қатар ХЭО және БСАД аясында жүргізілетін халықаралық іс-шараларға техникалық сарапшылар ретінде қатысу.
НОРМАТИВТІК БАЗА
- Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламенті.
- «Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы.