Орбиталық-жиілік ресурсын халықаралық-құқықтық қорғау қызметі

Орбиталық-жиілік ресурсын халықаралық-құқықтық қорғау қызметі Қазақстан Республикасының радиожиілік ресурстарын және орбиталық позицияларын халықаралық үйлестіру бойынша іс-шараларды техникалық сүйемелдеуді жүзеге асырады.

 Негізгі жобалар:

1) «KazSat-2» және «KazSat-3» байланыс және хабар тарату геостационарлық жерсеріктері; 

2) «KazEOSat-1» және «KazEOSat-2» Жерді қашықтықтан зондтау геостационарлық емес жерсеріктері;  

3) «KazSTSat-1» және «KazSciSat-1» ғылыми-технологиялық бағыттағы геостационарлық емес жерсеріктері;

4)  Радиохабар тарату және Тіркелген жерсеріктік қызметтер жоспарында ұлттық орбиталық-жиілік ресурсын қорғау.

Орбиталық-жиілік ресурсын халықаралық-құқықтық қорғау қызметінің негізгі міндеттері:        

1) Халықаралық ақпараттық жиілік циркулярына сараптама жүргізу және шетелдік Байланыс әкімшіліктеріне техникалық қорытындылар беру;

2) Шетелдік жерсеріктік желілердің орбиталық-жиілік ресурсын жоспарлы жүктеуін және нақты пайдалануын талдау;  

3) Халықаралық өтінім құжаттарын әзірлеу және валидациялау;

4) Жиілік иеліктерін үйлестіру бойынша келіссөздер дайындау және жүргізу;

5) Циркулярлық хаттарды, Радиобайланыс регламентінің ұсынымдарын, қарарлары мен өзгерістерін талдау;

6) Жиілік иеліктерін үйлестіру бойынша техникалық және реттеуші ұсыныстар дайындау;

7) Байланыс саласындағы халықаралық ұйымдар өткізетін конференциялар мен семинарларға Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігі атынан техникалық сарапшылар ретінде қатысу.

НОРМАТИВтік БАЗА